Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

2015 жылдың 18 қарашасында мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заңы бекітілді.

 Көрсетілген Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары айқындалған. Бұл: заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері:
 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
 1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
 2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
 5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі:
 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті;
 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды;
 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;
 3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді;
 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;
 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;
 6) қаржылық бақылауды;
 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;
 8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді;
 9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын;
 10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді;
 11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды;
 12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды;
 13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: