"Адал Ұрпақ" семинары » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2020

"Адал Ұрпақ" семинары

№122 жалпы білім беретін мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті клубы құрылған.Мектеп клубының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай мақсат, міндеттерді негізе ала отырып, 15. 10. 2020 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары З.М.Утеулинова, К.Н.Нургисановалардың қатысуымен аға тәлімгер А. Атаева «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының  жаңа оқу жылына жұмыс  жоспарымен таныстыру мақсатында  сынып жетекшілермер мен клуб мүшелеріне онлайн форматта семинар өткізді.   
 Семинарда қойылған мақсатқа сай сынып жетекшілерге  рухани – адамгершілік  және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасының ережелерімен, мақсатымен,  міндеттерімен,  кешенді іс-шаралар өткізу үшін жұмыс түрлерімен таныстырды.   Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Қазақстан Республикасының заң аясына негізделгенін түсіндіріп, 2 шілде, 1998 жылы қабылданған Заңның баптарына тоқталып өтті.
   Іс-шара соңында "Адал ұрпақ" ұйымына 35 жаңадан мүшелер қабылданып, салтанатты түрде ант етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: