«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «ЖЖЕ»
«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «ЖЖЕ» бағыттары аясында оқушылармен мазмұнды сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ барысында балалар адалдықтың мәнін, өз қауіпсіздігін сақтау ережелерін, қаланы таза ұстаудың маңызын және жол қозғалысы ережелерін талқылап, күнделікті өмірде қажет болатын дағдыларын жетілдірді. Мақсат — саналы, жауапты, қауіпсіздік мәдениеті қалыптасқан жас ұрпақ тәрбиелеу. Сынып жетекшілерінің еңбегіне және оқушылардың белсенділігіне алғыс айтамыз!