Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2025

Мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті

2025 жылғы 13 қараша күні «№122 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес мектепішілік ата-аналар жиналыстары өткізілді. Жиналыстарға 1–11 сынып ата-аналары мен сынып жетекшілері қатысты.

Күннің бірінші бөлігі – сағат 15:00-де 1–4 сынып ата-аналарымен «Бала қауіпсіздігі: үйде, мектепте, көшеде және интернет желісінде» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Жиналыста бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық нормалары, жауапкершілік түсінігі, мектеп пен үйдегі қауіпсіздік мәселелері түсіндірілді.

Сағат 18:00-де 5–9 сынып ата-аналарымен «Қоғамдағы мінез-құлық ережелерін құрметтеуде отбасының рөлі» тақырыбындағы жиналыс өтті. Ата-аналарға оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыру, қоғамдық тәртіп, жауапкершілік мәдениеті және мінез-құлық нормалары туралы ақпарат берілді.

Осы уақытпен қатар 10–11 сынып ата-аналарына арналған «Жасөспірімнің азаматтық ұстанымы мен құқықтық кемелдігін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыбындағы жиналыс жүргізілді. Жоғары сынып оқушыларының жеке жауапкершілігі, құқықтық мәдениеті, өмірлік бағыт таңдауы және ата-ананың қолдауының маңыздылығы түсіндірілді.

Барлық жиналыстар жоспарға сәйкес ұйымдасқан түрде өткізілді. Ата-аналар тарапынан ұсыныстар мен сұрақтар талқыланып, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық күшейтілді.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: