"Elbasy Medali"-нің жүлдегері » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
март
2021

"Elbasy Medali"-нің жүлдегері


  Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны"дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығыда 2021 ж 30 наурыз күні "Белсенді азаматтық ұстанымы мен патриоттығы үшін "Elbasy Medali"-нің жүлдегерлерін "қола медальдармен" марапаттау рәсімі өтті. 
 Әуезов ауданы №122 жалпы білім беретін мектебіміздің 11 "Ә" сынып оқушысы Сайдолла Жұлдыз "қола медальмен" марапатталды. Жұлдыз  қатысқан бұл бағдарлама жастардың кешенді дамуына бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Жеті бағыттан тұратын бағдарламаға Жұлдыз үш ай көлемінде қатысып әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды мұқият, ыждағаттылықпен орындай отырып "Қола медальға" қол жеткізді. Жұлдыздың мұндай тамаша жетістікке қол жеткізуіне  жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Тилешбаева Раушан Билисбековнаныңда еңбегі зор. Мектебіміз биылғы түлегіміз Жұлдыздың болашағынан көп үміт күтеді.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

30 октябрь 2020 "Абай оқулары"
30 октябрь 2020 "Абай оқулары"
26 февраль 2019 Мектеп тынысы