Бірінші сыныптарға қабылдау » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2023

Бірінші сыныптарға қабылдау

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныптарға қабылдау басталады. Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада httрs://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі.Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық денгейіне қарамастан , білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды  және ағымдағы жылдың  соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.Бірінші сыныпқа тіркеу ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі. Қызмет тегін көрсетіледі.
Қажетті құжат тізімі:
➢ Ата- ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
➢ Туу туралы куәлік   (электронды түрде қалыптасады)
➢ Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
➢ Егу паспорты  (065/у нысаны) 
➢ Баланың суреті (3*4 өлшемді)-2 шт

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: