Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қазақ қызы: кеше және бүгін” тақырыбында аналармен тренинг
12
декабрь
2024

“Қазақ қызы: кеше және бүгін” тақырыбында аналармен тренинг

Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі онкүндігі жоспарына сәйкес 2024 жылдың 12-і желтоқсан күні мектебімізде “Қазақ қызы: кеше және бүгін” тақырыбында аналармен тренинг өтті. Тренингке 27 ана қатысып , түрлі тапсырмаларды орындады. “

Аналар “Қыз Жібек”, “Ақжүніс” , “Еңлік” топтарына бөлінді. 
“Келіңіз, танысайық!” атты кезеңде өздері, қыздары туралы таныстыру болды. “Сіз қандай анасыз?” тақырыбындағы анкеталық сұраққа жауап берді. “ХХ -ХХІ ғасыр қыздарының айырмашылығы мен ерекшеліктері” туралы топтық жұмыс жасады. Сергіту сәтінде топтық жарысқа түсті. Өздерінің қыздарына тебірене хат жазды. 

Тренинг соңында рефлексия, кері байланыс алынды. Тренингте аналар қыз баланы тәрбиелеуде ескеру керек дүниелер төңірегінде құнды ақпараттар алды. Тренинг жүргізген  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Әбдіраман Гүлназ Ыбырайқызы және Сманова Гүлнар Қуанышқызы

https://www.instagram.com/reel/DDcSYR7oUCY/?igsh=MTBzM2hueHFjam80YQ==​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: