1 Желтоқсан-Тұңғыш Президент күні » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2020

1 Желтоқсан-Тұңғыш Президент күні

№122 ЖББ мектепте 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай  апталық жоспар  жасалып, жоспарға сәйкес келесі шаралар ұйымдастырылды:
24 қараша күні «Елін бастаған Елбасы» тақырыбында онлайн сынып сағаттары өтті.Сабақтың мақсаты: Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып көрсету; оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Тәрбие  сағатында оқушылар Елбасының балалық шағы, өмір жолы туралы туралы білімдерін кеңейтті, таныстырылымдар мен кинофильмдерден үзінді көру арқылы Н.Ә.Назарбаевтың халқына сіңірген еңбегі туралы ақпарат алды.Оқушылар отан, тәуелсіздік тақырыптарында өлеңдер оқыды.
25-26 қараша күндері «Елбасына арнау» тақырыбында  5-8 сынып оқушылары эссе жазды. 
   Мектептің кітапханашысы Г.Исабаеваның ұйымдастыруымен «Елбасы еңбектері» кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің таныстырылымдарын  ұсынды.
«Жасай бер, менің Қазақстаным!» сурет көрмесі бастауыш сынып оқушыларының арасында 27-28 қарашада болды.
  Мектебімізде патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шаралар өзінің жалғасын табуда.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: