Эссе "Мен қазақпын" » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2020

Эссе "Мен қазақпын"

Эссе
"Қазақстанға деген сүйіспеншілік"
Мен - қазақпын! 
Осында дүниеге келгеніме, дәл қазақ болып туғаным үшін жаратқанға сансыз шүкіршілік етемін. Осы сөздеріммен өзге ұлт өкілдерін кемсіткім келмейді. Бар болғаны текті елдің бір ұрпағы болғаным үшін сансыз шүкіршілік етемін. Өзім қыз болсам да, батыр-бағландардың ұрпағымын. Алатауы қарсы алған, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жайған Алматы қаласында туылғанмын. Адам баласына тектілік пен жүректегі мейірім, ақыл мен сана, ең алдымен, осы туған жер арқылы келеді. Отанға деген ыстық лебіз адамға ең маңызды, ең қымбат сөз. Бұл сөзбен біздің мектепті, отбасымды, менің сүйікті жерімді, бүкіл алып Қазақстанды білдіреді.
Біздің республикамыз көптеген жылдар бұрын дүниеге келген. Бұл жағдай мемлекетімізге оңай болған жоқ. Үлкен қалалар, зауыттар мен фабрикалар болған жоқ. Үлкен жарқын мектептер мен биік ғимараттар болған жоқ. Ата-әжелеріміз қазақтың кең даласында киіз үйде тұрып, төрт түлік малын бағып, күнелтіп, осы уақытқа дейін жетті емес пе?! Ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағының, қазақ халқының бүкіл әлемге танылатының ойлайды дейсіз бе?! Бірақ Қазақстан тарихында көптеген құлдыраулар, әділетсіздіктер мен жеңілістер болды, соған қарамастан ата-бабаларымыз осы туған жерімізді сақтап қалды. Ендігі мақсат біздің болашақта өміріміз қандай болатынын, біздің туған Қазақстанымыз қандай болатыны осы ұрпаққа байланысты! Біз достық пен бейбітшілікті бағалауды үйренуіміз керек. Қазақстандықтардың тату-тәтті өмір сүруі үлкенге де, кішіге де үлкен бақыт деп ойлаймын.
Дамудың жаңа жолына түскен Қазақстан азаттықтың ежелден келе жатқан армандарын жүзеге асырды. Халық алғаш рет мәдениетін, тілін, сенімін, діні мен дәстүрін дамыту мүмкіндігіне ие болды. Бүгінде республиканың әрбір азаматы өзінің тәуелсіздігін мақтан тұтады. Еліміздің тәуелсіздігі - бұл үш жүз жыл бойы үзіліп қалған ұлттық бостандықты қалпына келтірген қазақ халқының ең қасиетті мәселесі. Республикамыздың Туын, Елтаңбасын және Әнұранын бағалап, құрметтеу әрқайсымыздың міндетіміз. Олардың көмегімен біз өз еліміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Олармен біз өзімізді біртұтас отбасы ретінде сезінеміз.
«Ел тағдыры өз қолымызда»
Енді ХХІ ғасыр - жас мемлекеттің тірегіне айналатын жаңа ұрпақтың ғасыры. Біз оқуға үлкен көңіл бөлуіміз керек, барынша білім алуға тырысуымыз керек. Жаңа рухани мемлекетімізге білімді және де белсенді адамдар қажет. «Қазақстанға халқымызды оятуға және іске асыруға мүмкіндік беретін зияткерлік революция қажет», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы. Елбасының да ел ертеңі жастарға деген сенімі нық. Мен жеке өзімнің туған жерім Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосу үшін оқуға, мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге тырысамын. Менің Тәуелсіз Қазақстаным - менің үйім, менің Отаным!
Жумакулова Айша Кайратовна
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
11 "А" сынып, №122 ЖББМ
Қазақ тілі пәні мұғалімі:
Боранкулова Манат Кенесовна

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: