01
сентябрь
2021
1 қыркүйек-Білім күні!


Құрметті №122 жалпы білім беретін мектептің шәкірттері, ұстаздар қауымы мен ата-аналары, сіздерді жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Көптен күткен дәстүрлі форматқа оралуымыз барлығымызды қуантып отыр. Шәкірттерін сағынған ұстаздар, мектебі мен сыныптастарын сағынған оқушылар...
Әрине, ерекше бүгінгі күн мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін болды. "Кел, балалар оқылық! "атты салтанатты сап түзеуде бой түзеп, қолдарына алғаш кітаптары- Әліппені мектеп бітіруші түлектерден алуы әсерлі болды.
1 қыркүйек- Білім күні құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық тілейміз!