«Қашықтықтан білім беру кезінде балалармен қарым- қатынастың тиімді әдістерін үйрету» » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қашықтықтан білім беру кезінде балалармен қарым- қатынастың тиімді әдістерін үйрету»
22
январь
2022

«Қашықтықтан білім беру кезінде балалармен қарым- қатынастың тиімді әдістерін үйрету»

20 қантар 2022 жылы қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының психологиялық қолдау көрсету бөлімінің жетекшісі  Эльмира Максутовна Алиеваның ұйымдастыруымен «Қашықтықтан білім беру кезінде балалармен қарым- қатынастың тиімді әдістерін үйрету» тақырыбында  Алматы қаласының білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілеріне арналған қалалық онлайн семинар өтті. Аталған семинарда спикер ретінде қатысып,  қашықтықтан оқыту кезіндегі сынып жетекшісінің рөліне тоқталдым:
Қашықтықтан оқыту кезінде кейбір қиындықтардың туындайтыны заңды құбылыс.
Бір отбасында бірнеше оқушы болған жағдайда бір компютер немесе бір смартфонды пайдаланудың ыңғайсыз болуы, интернет желісінің тұрақсыз болуы сынды проблемалар кездеседі. Осы кезеңде сынып жетекші ұйымдастырушы қызметін атқарды. Оқушылардың әр түрлі білім беру платформаларына тіркелуі кезінде көмек беру, пән бойынша чаттар ашып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Пән мұғалімдермен тығыз байланыста болып, оқушының жеке ерекшеліктерін, психологиялық көңіл- күйін, отбасының әлеуметтік жағдайын  ескеру бағытында  маңызды жұмыстар атқарады.
 Қашықтықтан білім алуда үйде жайлы және орнықты ахуалды құру, баланың білім алуына жағдай жасау ата-ананың  міндеті болып табылады. Ата-анамен жиі байланыста болып, қиындық тудыратын мәселелерді дер кезінде  анықтап, сұрақтарға жауап беретін сынып жетекшісі болып табылады.Демек сынып жетекшісінің  атқаратын жұмысы өте маңызды. 
 Қазіргі негізгі мақсат- қашықтықтан оқытуды дұрыс ұйымдастыра отырып, кедергілерге мойымай, мектеп әкімшілігі- сынып жетекші- пән мұғалімі  жүйелі  жұмыс жасай отырып, оқушының толыққанды білім алуына жағдай жасау.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: