19
октябрь
2022
Ювиналды полициямен бірлескен профилактикалық жұмыс
Мектептің аудандық ЮПБ бөлімімен бірлескен жоспарына сәйкес 18.10.2022 жылы 7-11 сынып оқушылары арасында мектеп инспекторы лейтенант С.С.Тұрысбекованың қатысуымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға қауіпсіздік талаптарының сақталуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Сонымен қатар, Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы заңнаманың 441-бабы Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу туралы, 442- бап түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы туралы ескертілді.



