"Алтын күз" көрмесі
Күзгі табиғаттың байлықтарынан ерекше әсер алып, сол арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін ояту мақсатында мектебімізде "Алтын күз" атты қол өнер жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 1-4 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың қиялдарында шек жоқ! Осындай іс-шаралар мектеп ұжымы мен ата-аналар жұмысындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейте түспек.