№122 ЖББМ директоры А.Д. Смагулованың 2020 жылдың, 3-кварталы бойынша кіріс және шығыс есебі. » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №122 ЖББМ директоры А.Д. Смагулованың 2020 жылдың, 3-кварталы бойынша кіріс және шығыс есебі.
30
октябрь
2020

№122 ЖББМ директоры А.Д. Смагулованың 2020 жылдың, 3-кварталы бойынша кіріс және шығыс есебі.

№122 ЖББМ директорының 2020 жылғы  ІІІ кварталда бюджеттен бөлінген қаржы-қаражатының  жұмсалуы туралы есебінің хаттамасы.
                                     Өткізілген күні: 23.10.2020ж
Қатысқаны: 1-11 сыныптардың ата-аналары, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері,  мектеп әкімшілігінің мүшелері, барлығы- 52 адам.
Күн тәртібінде:
  1) ІІІ кварталда бюджеттен бөлінген қаржы-қаражаттың жұмсалуы туралы есеп беру;
  2) мектептің  қашықтықтан оқу- тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері.
Бірінші мәселе бойынша мектеп басшысы 
 А.Д. Смагулова сөз алды: 
бүгінгі сіздермен кездесуіміздің мақсаты: Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспарының  «Орта білім беру ұйымдары басшылырының ата-аналар ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы-қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулер өткізу» 29 тармағын орындау мақсатында жиналыс өткізгелі отырмыз.
      Мектепте ақша жинауға тыйым салу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша оқу жылының басында бұйрық шығарылып, мектеп ұжымы  онымен таныстырылған. Осы бұйрықтың негізінде  мектебімізде кез келген жағдайда  ақша жинауға тыйым салынған. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті оқушылар арасында қалыптастыру мақсатында, мектебімізде «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасайды. Оның құрамында 280 оқушы болса, 15 қазан күні осы клубқа жаңадан 35 оқушы қабылданды. 
Мектепті қаржыландыруды  Алматы қаласының Білім басқармасы  іске асырады. Осы жылдың 3-кварталында кіріс 68 589 мың теңгені құрады. Мектептің кірісінің 30% жуығы коммуналдық төлемдерді өтеуге: суық су, ыстық су, электр энергиясы, ғимаратты жылытуға жұмсалады. 
Мектепте оқушылар мен мұғалімдер  жоқ болуына қарамастан, мектеп әкімшілігінің мүшелері, техникалық қызметкерлер күнделікті жұмыста.Карантиндік талаптарды орындау  мақсатында антисептик, дезинфекциялық туннель, бетперделер, кварц лампалары, санитайзерлар сатып алынды.
Байланыс қызметінің  (телефон, интернет)  төлемдері, техникалық құрал-жабдықтарды жөндеу, су құбырларының ағымдығы  жөндеу жұмыстары , «Күзет» дабылы , өрт дабылы, бейне-бақылау камералары. Қоқысты шығару , жылу жүйесінің техникалық жөндеуден өтуі, мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары негізгі қаржының  шығындарын құрайды .
Сонымен қатар көп балалы, аз қамтылған отбасынын шыққан оқушыларға қыркүйек айында материалдық көмек көрсетілді. Мектебімізде ол категорияға кіретін 114-оқушыға  30000  теңге көлемінде , оның ішінде 25000 киімге, 5000 теңге кеңсе заттарына , жалпы сомасы 3 миллион 360 мың ата-аналарының жеке есеп шоттарына аударылды. Аталған оқушыларға қалалық Білім бөлімінен берілген 112 планшет  қайтарым негізінде үлестірілді. Мектеп ұстаздарына 15 сим-карта ( Altel,Tele-2, Beeline байланыс желілерінің) берілсе, оқушыларға Beeline операторының 23 сим-картасы таратылды.Олардың айлық төлем ақылары да мектеп қаражатынан төленеді.Мектеп балансында тұрған  47 компютер, 10 ноутбук, жалпы саны планшетпен бірге 179 техника уақытша қолданыс негізінде оқушыларға берілді. 9.09.2020жылы «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры тарапынан демеушілік көмек ретінде көпбалалы отбасынан шыққан мектебіміздің 5 «Ә» сынып оқушысы Мыңжасар Салтанат және 4 «Б» сынып оқушысы Түстікпай Інжуге сыйға ноутбук берілді.
   Мектебімізде демеушілер  есебімен келетін кіріс жоқ. 
   Құрметті ата-аналар қашықтықтан оқуымызға қарамастан білім берудің мемлекеттік стандарты орындалуы тиіс. Осы мақсатта мектеп әкімшілігі мен ұжымы бірлесе отырып  талмай еңбек атқаруда. Жоспарланған тәрбиелік шаралар болсын , оқу үдерісіне қатысты шаралар күнделікті жүргізіліп, атқарылған еңбектің нәтижесі ретінде мектебіміздің әлеуметтік желісіне жүктелуде. Мектептегі бар 766 оқушы  Kundelik. кz., Online Mektep платформалары негізінде білім алып отыр.Ол әрине, үйден сіздердің қадағалауларыңыздың арқасында іске асуда. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестіктің арқысында әлемдегі орын алған пандемиядан  аман-есен өтеміз деп кәміл сенемін.Өйткені, біз біргеміз!
   Бүгінгі кездесуімізді қорытындылай келе,  мемлекетіміз білім беру саласына үлкен талаптар қоюмен қатар, сол мектептердің қаржылануына да үлкен мән беріп отыр. Бұл қаржының тиімді жұмсалуы бәріміз үшін  де маңызды мәселе.
   Ұсыныс: 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстары жалғастырылып, үнемі  назарда ұсталсын.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: