"Директорлық сенбі- ата-ана үні» онлайн –кездесу » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2021

"Директорлық сенбі- ата-ана үні» онлайн –кездесу

Алматы қаласы Әуезов ауданы №122 ЖББ мектепте "Директорлық сенбі- ата-ана үні» онлайн –кездесу  13.02.2021 жылы ұйымдастырылды. Мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі, құқықбұзушылық пен суицидтік мінез- құлықтың алдын алу, ата-аналармен серіктестікті нығайту, психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету. Кездесуге 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. 
Мектеп директоры А.Д. Смагулова ата- аналарды кездесу  мақсатымен таныстыра отырып, ашық алаңда онлайн тілдесуге шақырды.
11 сынып оқушыларының  ІІІ- тоқсанда мектепке дәстүрлі оқуға келгені оқушылар тарапынан жауапкершілік пен тәртіптің артуына септігін тигізгені, балаларының сабақтарына, ҰБТ-ке дайындықтарын күшейткендері  ата-аналарды қуантады.
Мектеп психологы Ж.Қосманованың  «Ұлттық біріңғай тестілеуге психологиялық түрғыдан ата-аналарға кеңес» беруі орынды болды.
Оқушыларды  ҰБТ –ке  психологиялық тұрғыда дайындау  жұмыстарын жалғастыру, психологтың жеке жұмыс жүргізуіне  ұсыныс айтылды. 
"Директорлық сенбі- ата-ана үні" дәстүрлі кездесуге айналатыны туралы  ата-аналарға ақпарат берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: