Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жанхош Тураровпен кездесу » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жанхош Тураровпен кездесу
04
апрель
2024

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жанхош Тураровпен кездесу

Бүгін 1 наурыз 2024 жылы № 122 жалпы білім беретін мектепте кәсіпқой   бокстан әлем чемпионы- Жанхош Тураровпен кездесу өтті. Мақсаты: шәкірттерге чемпионның спорттағы жетістіктері  туралы мағлұмат беру, салауатты өмір салтын дәріптеу, оқушылардың  спортқа деген құлшынысын арттыру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру. Кездесу  Жанхош  Жасұланұлының спорттағы жетістіктері туралы таныстырылымнан басталып, "ашық микрофон" әдісі арқылы оқушылар спортшыға өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алумен жалғасты.  "Өмірдегі ұстанымыңыз, арманыңыз, биік жетістіктерге қалай жеттіңіз, мектепте қандай оқушы болдыңыз?" сынды  сұрақтар қойылды. Атақты боксердің бойындағы батырлық рух, еліне деген сүйіспеншілік сезіліп тұрды. Алғыс күнімен пара-пар келген кездесуімізде Жанхош Жасұланұлына шәкірттер мен ұжымның атынан алғысымызды айтып, тек биік шыңдарды бағындыра беруіне тілек білдірдік. Кездесу соңы естелік фотоға түсу, қолтаңба алумен аяқталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: