«Арнайы педагог пен педагог -логопедтің оқушыларға жүргізетін түзете-дамыту әдістері» » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Арнайы педагог пен педагог -логопедтің оқушыларға жүргізетін түзете-дамыту әдістері»
27
октябрь
2021

«Арнайы педагог пен педагог -логопедтің оқушыларға жүргізетін түзете-дамыту әдістері»

Анықтама

№122 жалпы білім беретін мектептің арнайы педагогы мен педагог-логопедтің ұйымдастыруымен ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналарына «Арнайы педагог пен педагог-логопедтің оқушыларға жүргізетін түзете-дамыту әдістері» тақырыбында қазан айының 23-і күні семинар өткізілді. 

Семинардың мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ата-аналарына арнайы мамандардың оқушылармен жүргізетін әдіс-тәсілдерін түсіндіру және кеңес беру. 

Семинар барысында арнайы педагог өз сабағында нәтиже көрсететін,  «Россолимо», «Сеген» , «Көлеңкесін тап» т.б. әдістерімен таныстырды. 

Педагог-логопед сөйлеу тілі аппаратының қызметі мен артикуляциялық жаттығулардың дұрыс орындалу техникасын ата-аналарға көрсетті. Сонымен қатар үй жағдайында артикуляциялық жаттығуларды қайталаудың маңыздылығын атап өтті. 

Семинар соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: