31
январь
2024
Ата-аналар жиналысы
№122 жалпы білім беретін мектептің оқу- тәрбие жоспарына сәйкес 12 қаңтар 2024 жылы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1) Отбасындағы сыйластық; 2) Құқықбұзушылықтың алдын алу; ІІ- тоқсан қорытындысы қарастырылды. Мақсаты: «Отбасы» туралы ұғымды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етіп, балаларымыздың бойына отбасын сыйлау, құрметтеу қасиетін дарыту. Баламен жақын болуға шақыру. Мектеп пен ата-ана, бала арасындағы қарым қатынасты қалыптастыру. Сынып жетекшілері оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, ата-аналар жиналысында түслі әдіс- тәсілдерді қолданды. Сауалнама нәтижелерін сәйкестендіру, ситуациялық сұрақтарды талқылау арқылы ата- аналардың өз балаларын қаншалықты жақсы білетіндері, көңіл бөлетіндері баяндалды.Отбасы құндылықтары дәріптелді. Екінші мәселе бойынша жасөспірімдердің арасында құқықбұзушылықтың шығу себептері талқыланды. Жиын барысында оқушылардың І жарты жылдық оқу үлгеріміне сараптама жасалып, білім сапасын арттыру бойынша кеңестер берілді