Бастауыш пән бірлестігі онкүндігі » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2020

Бастауыш пән бірлестігі онкүндігі

2020 жылдың 30.11 – 10.12 күндері № 122 ЖББМ-тің бастауыш пән бірлестігінің жоспары бойынша «Бастауышым балбұлағым» атты онкүндігі өтіп, пәндердің оқытылу деңгейі, оқу бағдарламаларының орындалуы зерделенді. Онкүндік аясында ашық сабақтарымыз қашықтан оқыту ерекшеліктерін ескере отырып  OnlineMektep платформасы арқылы өткізілді. Онкүндік барысында   бекітілген жоспар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар мен ашық сабақтар тиімді әдіс-тәсілдерді  пайдалану арқылы жаңартылған  білім мазмұнына сай өткізілді. Апталықта өткізілген сабақтардың ұйымдастырылуы мен формасы әр түрлі болды. 

30.11.2020 ж. 1 «А» сынып жетекшісі Мырзатаева Б.Д. сауат ашу пәнінен «Ұұ әрпі мен дыбысы» тақырыбында ашық сабақ

02.12.2020 ж. 2 «Ә» сынып жетекшісі Кошкарбаева А.К. математика пәнінен «Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі. 15+28, 43-15» тақырыбында ашық сабақ

1-сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімдері Баекенова С.С. мен Сәрсеке М. «Отбасым менің тірегім» тақырыбында сурет сайысын

03.12.2020 ж. Мектепалды даярлық топ жетекшілері Ізтай Г. мен Есмұрза А. «Таңғажайып ертегілер әлемі»  тақырыбында ашық сабақ

3 «В» сынып жетекшісі Кайыпова Л.А. қазақ тілі пәнінен «Түбір мен қосымша» тақырыбында ашық сабақ

04.12.2020 ж. 2-сыныптар арасында Нургожаева Д.А. мен Жарылқасын А. «Абай сыйы» атты мәнерлеп оқу сайысын  

07.12.2020 ж. 3 «Ә» сынып жетекшісі Балкибекова Э.Е. математика пәнінен «Тіктөрбұрыш пен шаршының ауданын табу» тақырыбында ашық сабақ

08.12.2020 ж.  1 «Б» сынып жетекшісі Сүлейменова Г.Б. «Еліміздің еркіндігі – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын 

09.12.2020 ж. 3-сыныптар арасында Үсіпбаева Б.Ж. мен Тұрғынбек Ә.А. «Ойлан тап» интеллектуалды ойынын

10.12.2020 ж. 4-сыныптар арасында Сайлханова Ж.Т. мен Мыңбай А.Б. «Кім тапқыр» тақырыбында викториналық ойынын ұйымдастырып, өткізді.

Онкүндікке бірлестіктің барлық мұғалімдері мен  бастауыш сынып оқушылары  белсене қатысты.


[media=https://www.facebook.com/100029811301540/videos/pcb.425648581772182/425649848438722]
[media=https://www.facebook.com/100029811301540/videos/pcb.428165784853795/428165684853805]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: