«Тіл мен тарих - ғасырлар куәсі» тақырыбында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бірлестігі онкүндігі » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тіл мен тарих - ғасырлар куәсі» тақырыбында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бірлестігі онкүндігі
18
февраль
2021

«Тіл мен тарих - ғасырлар куәсі» тақырыбында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бірлестігі онкүндігі

Қаңтар айының 20.01 -30.01.2021 жыл аралығында Әуезов ауданы №122 жалпы білім беретін мектепте «Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі» атты қоғамдық-гуманитарлық пәндері әдістемелігінің онкүндігі өтті. 

Апталық аясында бұл пәндер бойынша оқушының танымдық қабілетін арттырып, пәнге деген қызығушылығын тереңірек дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Апталық барысында ашық сабақтармен қатар, сыныптан тыс іс-шаралар мен лингвистикалық марафон сабақта өткізілді. Онкүндіктің жоспары алдын-ала оқушылар мен ұстаздарға хабарланды.

Онкүндіктің ашылуы 20.01.21ж. күні «Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі» тақырыбында бейне ролик мектептің мұғалімдер чатына жіберілді. Бейне роликте қоғамдық-гуманитарлық пәндері мұғалімдерінің оқушылармен өткізген іс-шаралары, сабақ беру кезіндегі мұғалім мен оқушының жұмыс суреттері, сыныптан тыс жұмыстары көрсетілді.
20.01.21ж. ағылшын пәні мұғалімі Алимова А. «Weather» тақырыбында 4 «Ә» сыныбымен ашық сабақ өткізді.

21.01.21ж. ағылшын пәні мұғалімі Бәжібай Д. «Drawing chairs» тақырыбында 3 «А» сыныбымен 1-топ оқушыларымен ашық сабақ өткізді.

22.01.21ж. тарих пәні мұғалімі Абдухалық А.Э. «Қазақстандағы монғол шапқыншылығы» тақырыбында 6 «А» сыныбымен ашық сабақ берді.

25.01.21ж. ағылшын пәні мұғалімі Жексембиева А. «Stories and poems» тақырыбында 5 «Ә» сыныбына ашық сабақ өткізді.

26.01.21ж. орыс тілі пәні мұғалімі Уразбаева З. «Какие бывают дожди?» тақырыбында 4 «Ә» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
27.01.21ж. орыс тілі пәнінің мұғалімі  Бердибекова Р. «Домбра и перо» тақырыбында 5 «Ә» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
28.01.21ж. тарих пән мұғалімі Есенов Д. «Қазақстандағы ұжымдастыру» тақырыбында 8 «Ә» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.

28.01.21ж. Пән мұғалімдері: Ерманова А.Т., Агабекова С.Ж. 5-8 сынып оқушылар  арасында орыс тілінен мәнерлеп оқудан «Конкурс чтецов» атты жарыс өткізді.

29.01.21ж Пән мұғалімдері: Ерманова А.Т., Агабекова С.Ж. «Лингвистикалық марафон» тақырыбында 8 «Ә» сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен интеллектуалдық сайыс сабақ өткізді.

Онкүндіктің жабылуы 30.01.21ж күні «Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі» тақырыбында бейне ролик «Сынып жетекшілер» чатына жіберілді. Бейне роликте  қоғамдық-гуманитарлық пәндері мұғалімдерінің оқушылармен өткізген ашық сабақтары, сабақ беру кезіндегі мұғалім мен оқушының жұмыс суреттері, оқушылардың тіл туралы айтқан тақпақтары, сыныптан тыс жұмыстары көрсетілді. Қатысқан: 5-11 сынып оқушылары, пән мұғалімдері.

Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдер мен оқушылар тығыз байланыста екендігін дәлелдей түсті, онлайн оқытудағы әдіс тәсілдерге бейімделгені көрінді.




                                                  
             

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: