МЕКТЕБІМІЗДЕ «ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ ✔Қазіргі таңда пандемияға байланысты "Ashyq" қосымшасы іске қосылып, өз жұмысын бастады. » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕБІМІЗДЕ «ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ ✔Қазіргі таңда пандемияға байланысты "Ashyq" қосымшасы іске қосылып, өз жұмысын бастады.
04
август
2021

МЕКТЕБІМІЗДЕ «ASHYQ» ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ ✔Қазіргі таңда пандемияға байланысты "Ashyq" қосымшасы іске қосылып, өз жұмысын бастады.

МЕКТЕБІМІЗДЕ   «ASHYQ»  ҚОСЫМШАСЫ  ІСКЕ  ҚОСЫЛДЫ
      ✔Қазіргі таңда пандемияға байланысты "Ashyq" қосымшасы іске  қосылып, өз жұмысын бастады. 
      ✔«Ashyq» – білім  беру  ұйымдарына келушілерді тіркеу қосымшасы. Мектепке  не кіреберісте пайдаланушы сол мекеменің арнайы qr-кодын сканерлейді. Код келушінің статусын анықтайды.  Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру  негізінде  тағайындалған.
      ✔«Ashyq» мобильді қосымшасы  QR-кодты қолдану және Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын: ол вирус жұқтырған ба, жоқ па, анықтауға  мүмкіндік береді. 
    🔵 «Көк» түс -  бейтарап белгі, демек мұндай статусы бар адамдар ҚР ДСМ базасында ПТР-тестілеуі оң науқастар қатарында жоқ және науқас адаммен байланыста болмаған. Келуші статусының өзгеруі ҚР ДСМ деректер базасындағы ақпаратқа байланысты.
    🟢 «Жасыл» түс - келушінің деректер базасында ПТР тестілеуі теріс шыққан азамат ретінде тіркелгенін білдіреді. «Жасыл» статус 72-сағатқа ғана сақталады да, ары қарай «көк» статусқа өзгереді.
     🔴«Қызыл» түс  - егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек. 
    🟡«Сары» түс -  науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады. 
     Қосымша бір мезгілде нысандағы адам санын (жеке деректерсіз) және жұмыс ету уақытын талдауға бақылауға , мониторингтік  тексерулерді  жүргізу  қажеттілігін  азайтуға, мекемеге  келушінің  науқас  еместігін  анықтауға  мүмкіндік  береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: