Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ұлттық құндылық- ұлттық иммунитет” ұстаздарға тренинг
17
декабрь
2024

“Ұлттық құндылық- ұлттық иммунитет” ұстаздарға тренинг

📚 “Тіл- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханбетова Махаббат Нұргелдіқызы “Ұлттық құндылық- ұлттық иммунитет” атты тақырыпта ұстаздарға арнап тренинг өтті. Тренингке мектебіміздің ұстаздары қатысты. 
     🔑  Мақсаты: 
            • Ұлттық құндылығымызды, ата-баба дәстүрін насихаттау, ұрпақ бойына ұлттық менталитетті сіңіру, ұлттық қасиеттерді дарыту.
       🔰Мұғалімдерді қарсы алуда  “Қазақша шайбы” әдісі арқылы психологиялық ахуал туғызып,  сыйлықтар беріп, сыйлықтармен қатар өлеңнің сөздері арқылы екі топқа бөлінді.
     • “ Кім мықты” кезеңінде қазақтың ұлттық ойыны арқан тартыс арқылы ойнатылды. Жай ғана арқан тартысу ойыны емес, интеллектуалды ұлттық ойын “Арқан тартыс”.  Ұстаздар ойын барысында сұрақтарға жауап беріп,сергіту сәтінде белсенді болды. 
      • “Ұлттық иммунитет” кезеңінде әр пән мұғалімі өз сабағында ұлттық құндылықтың қандай элементтерін қолданып 
жүргені жайлы постер қорғады. 
          • Тренинг соңында кері байланыс алынып, ұстаздар жүрекжарды пікірлерін білдірді.
        ✅ Нәтижесі: Бала тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың маңызын игеруге, бала жанының ерекшеліктерімен танысуына мүмкіндік береді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: