08
октябрь
2025
БРАКЕРАЖДЫ КОМИССИЯ-2025

2025 жылғы «08» қазанда бракеражды комиссия тарапынан ас блогының жұмысына жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Тексеріс барысында тағам өнімдерінің сапасы, сақтау жағдайлары, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және дайын тағамдардың технологиялық карталарға сәйкестігі қаралды.
Комиссия мүшелері тағамдардың сыртқы түрін, иісін, дәмін, консистенциясын бағалап, азық-түліктердің жарамдылық мерзімін және сақтау шарттарын тексерді. Ас блогының тазалығы, қызметкерлердің санитарлық киіммен қамтамасыз етілуі және жұмыс орнының жалпы жағдайы бақылауға алынды.
Тексеру нәтижесінде барлық өнімдердің сапасы талапқа сай екендігі, жарамдылық мерзімдері өткен тағамдар мен бұзылған азық-түліктердің анықталмағаны белгілі болды. Санитарлық-гигиеналық талаптар мен тағам дайындау технологиясы толық сақталған.
Осыған байланысты комиссия тағамдарды тұтынуға рұқсат берді.
https://www.instagram.com/reel/DQn83HFDDU2/?igsh=d3llN3UxbTFjc2o4