21
сентябрь
2021
"Тіл-татулық тірегі" тақырыбында тәрбие сағаты
Бұгін мектебімізде "Тіл-татулық тірегі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.Оқушылардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру. Сабақ барысында орта буын оқушылары эссе жазу, сурет салу арқылы ана тіліне деген құрметтерін білдірсе, жоғарғы сынып оқушылары дебат алаңы, ашық микрофон, "ыстық орындық" әдістері арқылы ана тілінде сөйлеудің маңызы туралы ой бөлісті.