Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 27 қаңтар – Ленинград қаласы блокададан толықтай босаған күн
27
январь
2023

27 қаңтар – Ленинград қаласы блокададан толықтай босаған күн

27 қаңтар – Ленинград қаласы блокададан толықтай босаған күн. Тарихқа көз жүгіртсек, 1941 жылдың 8 қыркүйегінде басталған Ленинград қаласының фашистік блокададан азат етілуі 1944 жылдың 27 қаңтарына дейін созылған. Салдарынан, қоршауда қалған қаладағы әскерлер мен халықты азық-түлікпен жабдықтау мәселесі қиынға соғып, әр адамға тәулігіне берілетін нанның мөлшері 120-250 граммға дейін төмендеген. Ладога көлі мұзы үстімен автокөлік жолы арқылы қажетті қару-жарақ, азық-түлік т.б. тасылды. Жау Ленинградты қаншалықты ұзақ қоршағанымен ержүрек қорғаушылардың арқасында қалаға басып кіре алмады. Ленинград қаласын жаудан азат ету ұрыстарында жергілікті партизан отрядтары да орасан зор көмек көрсеткен. Бұл ұрыста жаудың елуге жуық дивизиясы талқандалған. Осылайша, Ленинград қаласы тек 1944 жылдың 27 қаңтарында ғана қоршаудан азат етілді

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: