Мектептің салтанатты ашылу сәті » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2023

Мектептің салтанатты ашылу сәті

Бүгін біздің білім ордасында ақ түйенің қарны жарылған күн, яғни көптен күткен ұлы мереке. Әуезов аудандық №122 жалпы білім беретін мектеп үлкен күрделі жөндеуден өтіп, 2023 жылдың 6 ақпан күні есігі жақсы жаңалықпен айқара ашылды. Мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары 8 айға созылып, барлық ішкі және сыртқы жұмыстары толықтай тапсырылды. Салтанатты ашылу сәті  ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналардың қатысуымен, әсем әннің ырғағында, қазақи дәстүрмен шашу шашылып, ақ тілектер лебізімен басталды. Мектебіміздің ардагер ұстаздары қызыл жіп кесіп, барлығы қуанышты көңіл күймен тарқасты. Жаңа ғимарат, жаңа қадам мектеп ұжымның жұмысына сәттілік пен идея сыйлап, шәкірттермізді жігерлендіретіні сөзсіз. Қадамымыз құтты болсын!
[media=https://youtube.com/shorts/kJtKrm51CN8?feature=share]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: