«Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы Мұхтар Шаханов» » КГУ «Общеобразовательная школа №122» Управления образования г.Алматы»
Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы Мұхтар Шаханов»
19
декабрь
2023

«Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы Мұхтар Шаханов»

Алматы қаласы  Әуезов ауданы №122 жалпы білім беретін мектепте 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ұлт мақтанышы, ғасыр адамы Мұхтар Шахановпен кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – М.Шаханов атамыздың кейінгі ұрпаққа айтар даналығы мен оның өмір жолын дәріптеу арқылы, жас ұрпақты қайсарлыққа, жігерлікке, шындықтың жаршысы бола білуге баулу.  Кездесу кеші барысында мектеп оқушылары мен №122 жалпы білім беретін мектеп мекемесі ішіндегі  №11 музыка мектебінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, атамыздың батасын алып, сырлы әңгімесінен сыр шертті. Ұлт жанашыры Мұхтар атамыздың қолтаңбасы қойылған туынды жинақтары мектеп ұжымына таратылып, ұстаздар қауымы да ризашылықтарын білдірді. «Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы Мұхтар Шаханов» деп аталған іс-шараның басты ерекшелігі де 4-сынып оқушыларының М.Шаханов портретінен арнайы жасалған киім үлгісін киіп, үлкен хор орындауында болды. Кездесу кеші барысында М.Шаханов барша қонақтарға, оқушыларға батасын беріп, ақ жол тіледі. Ғасыр саңлағы М.Шахановтай ұлт жанашырлары аман болып, ұрпаққа өнеге айтудан талмасын дейміз

.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: