Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мен гүлден де нәзікпін” атты ақынмен кездесу кеші
12
декабрь
2024

“Мен гүлден де нәзікпін” атты ақынмен кездесу кеші

Желтоқсан айының 10 жұлдызында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында сыныптан тыс іс-шара ретінде Айгерім Ағабекқызының ұйымдастыруымен “Мен гүлден де нәзікпін” атты ақынмен кездесу кеші өтті. Кездесудің қонағы ақын, журналист, тілші, бірнеше жыр жинақ кітаптарының авторы Ақгүл Айдарбекқызы. 

Іс-шараның мақсаты: оқушыларды өлеңді сүйіп оқуға, шығармашылықтарын шыңдауға, өлең шығарып ақындық қабілеттерін ашуға, тіл байлықтарын дамытуға бағытталған. Кездесу кешінде ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқылып, би билеп, ән шырқалды. Сергіту сәтіне сай ұйымдастырылған ойын қызықты өтті. Кездесу соңында ақын өз суырып салма қастиетімен бцлім ордамызға, мектеп ұжымы мен оқушыларға арнап арнау өлең жолдарын тарту етті.

@auezovpoo_ 
@almaty_birtutas_tarbie



https://www.instagram.com/reel/DDbcT9kIzxV/?igsh=bXV0Y3ZveDM2OXdv

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: