Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұғалімдерге арналған шеберлік сыныбы
06
апрель
2026
Мұғалімдерге арналған шеберлік сыныбы
      Көркем еңбек пәні аясында мұғалімдер арасында «Парафиннен сәндік гүл жасау» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Шара барысында қатысушылар парафинмен жұмыс істеу техникасымен танысып, өз қолдарымен ерекше сәндік гүлдер жасап көрді. Әріптестер шығармашылық қабілеттерін шыңдап, жаңа идеялармен бөлісті. Бұл шеберлік сыныбы тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және қолөнерге деген қызығушылықты арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Ұйымдастырушы: көркем еңбек пәні мұғалімі Битеева А.Н.
Ертегілер әлеміне саяхат
03
апрель
2026
Ертегілер әлеміне саяхат
        2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні орай мектеп кітапханашысы А. Акариянованың ұйымдастыруымен 3 «А» сынып оқушылары арасында «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында іс-шара өткізілді.         Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегілер арқылы олардың қиялын дамыту және көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.         Шара барысында оқушылар әйгілі «Қызыл телпек» ертегісінің кейіпкерлерін сахналап, өздерінің актерлік шеберліктерін
Эстетика – жанның айнасы...
02
апрель
2026
Эстетика – жанның айнасы...
Әлемді сұлулық құтқарады дейді. Ал сол сұлулықтың бастауы – эстетикада! Бүгін біздің білім ордамызда «Эстетика - бар сұлулық бастауы» апталығының шымылдығы түрілді.      Бұл онкүндік – тек сабақ емес, бұл – бояулар үндестігі, дыбыстар сиқыры және қолөнердің қайталанбас туындылары салтанат құратын уақыт.      Әрбір жанның бойындағы шығармашылық ұшқынды лаулатып, өнердің құдіретін бірге сезінейік!      Алдағы он күн ішінде сіздерді өнер мен шығармашылыққа толы қызықты шаралар күтуде: Көркемсурет
АLMATY BALAfest-2026 аясында байқау өтті
01
апрель
2026
АLMATY BALAfest-2026 аясында байқау өтті
 Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ALMATY BALAfest-2026 фестивалі аясында «Бояулар құпиясы» АРТ байқауы мен «Өнерлі бала» қолөнер байқауының мектепішілік кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.       Байқау барысында оқушылар сурет салу мен қолөнер бағытында өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, қиялға толы ерекше жұмыстарын ұсынды. Әрбір жұмыс өзіндік ерекшелігімен, көркемдігімен және мазмұнымен көзге түсті. Жас таланттардың өнерге деген қызығушылығы мен белсенділігі
"ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ"  байқауы өтті
01
апрель
2026
"ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ" байқауы өтті
      Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Жұлдызды сәт» байқауының мектепішілік кезеңі жоғары деңгейде өтті. Байқау барысында оқушылар өз өнерлерін «Аспаптық орындаушылық», «Вокалдық өнер», «Хореография» номинациялары бойынша көрсетті. Әр қатысушы сахнада өз талантын паш етті.       Жас өнерпаздардың шығармашылығы, сахна мәдениеті мен шеберлігі ерекше бағаланып, үздіктер анықталды.Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз! Өнерлеріңіз өрлей
“Эмоционалды интеллект” олимпиадасының қалалық кезеңі
31
март
2026
“Эмоционалды интеллект” олимпиадасының қалалық кезеңі
Алматы қаласы, Білім басқармасы, “Психологиялық қолдау орталығы” КММ орталығы ұйымдастырған 6-11 сынып оқушылар арасынан “Эмоционалды интеллект” олимпиадасының қалалық кезеңінен   10 “А” оқушысы Исали Ақдана ІІІ орын иеленді.   Жетекшісі: педагог-психолог Рәбина Қобланқызы
Сынып сағаты
30
март
2026
Сынып сағаты
      Мектептің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бағытталған сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шаралар «Адал азамат», жеке қауіпсіздік, «Алматы – таза қала» және кәсіптік бағдар беру бағыттары аясында жүргізілді.       «Адал азамат» бағыты бойынша 1–7 сыныптарда Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл, 8–10 сыныптарда Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 128 жыл тақырыптары қамтылып, 11 сыныптарда «Ата заң – мемлекет тірегі»
«Балалар кітапханасы» жобасы
21
март
2026
«Балалар кітапханасы» жобасы
     Көктемгі демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында бейнероликтер түсіру іс-шарасы өткізілді.     Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, шығарманың мазмұнын қысқаша таныстырып, шығармашылық тұрғыда бейнероликтер дайындады. Әр қатысушы кітаптың тәрбиелік мәнін ашып, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, қатарластарына кітап оқудың