Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тарихқа тағзым» экскурсиясы
30
май
2026
«Тарихқа тағзым» экскурсиясы
2026 жылдың 15 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 3 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Тұрғынбек Әйгерім Алмасбекқызымен бірге 31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ескерткішке экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында оқушыларға тарихымыздың ауыр кезеңдері туралы мәлімет беріліп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, олардың ерлігі мен тағдыры жөнінде түсіндірілді. Оқушылар ескерткіш маңында тағзым етіп, тарихи тұлғаларды құрметтеудің маңызын
Оқушыларға ЖАДЫНАМА
26
май
2026
Оқушыларға ЖАДЫНАМА
Емтихан — сенің білім деңгейіңді көрсететін мүмкіндік. Дұрыс дайындал, өзіңе сен және алға ұмтыл! ⸻ Не істеу керек? Уақытыңды жоспарла Күн тәртібін құрып, маңызды істерге басымдық бер. Дайындықты ерте баста Күнде аздап, бірақ жүйелі оқы. Соңына қалдырма! Ұйқы — мидың демалысы 7–8 сағат ұйқы миыңды сергек және өнімді етеді. Үзіліс жасауды ұмытпа 25–30 минут оқы, 5–10 минут демал. Бұл есте сақтауды жақсартады. Қайталау — табыстың кілті Өзіңе қиын тақырыптарды қайта қарап, бекітіп отыр. Өзіңе сен!
«Соңғы қоңырау – 2026»
25
май
2026
«Соңғы қоңырау – 2026»
2026 жылдың 25 мамыр күні 9, 10, 11-сынып және кешкі мектеп оқушыларына арналған «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқу жылының аяқталуын қорытындылау, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеу, оқушылардың ұстаздары мен мектепке деген құрметін арттыру, сондай-ақ білім алушылардың жыл бойғы жетістіктерін қорытындылап, үздік оқушыларды марапаттау болды. Мерекелік шара барысында оқушылар түлеп ұшқан алтын ұя мектебі мен аяулы ұстаздарына алғыстарын білдіріп,
«Заң мен тәртіп – қоғам негізі» сынып сағаты
25
май
2026
«Заң мен тәртіп – қоғам негізі» сынып сағаты
2026 жылдың 25 мамыр күні 1–11-сынып оқушыларына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – білім алушылардың Конституция туралы білімдерін тереңдету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілігін арттыру болды. Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын
Қайырымдылық – жүрек жылуы
21
май
2026
Қайырымдылық – жүрек жылуы
2026 жылдың 18 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында 9 «Ә» сынып оқушыларының және ата-аналарының қатысуымен балалар үйіне қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық секілді адамгершілік құндылықтарды сіңіру, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу және әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға қуаныш сыйлау болды. Шара барысында балаларға киім-кешек, тәттілер мен түрлі сыйлықтар табысталып,
«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» әкелер форумы
20
май
2026
«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» әкелер форумы
2026 жылдың 20 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында «Әке болу – ұлы міндет, асыл мақтаныш!» тақырыбында әкелер форумы өткізілді. Форумның мақсаты – әкенің отбасындағы рөлін насихаттау, бала тәрбиесіндегі әке жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Іс-шара барысында әкелер тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің орны туралы
Құрметті ата-аналар!
19
май
2026
Құрметті ата-аналар!
Жаз мезгілінде балалардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өкінішке қарай, жыл сайын өзен, көл, канал және су қоймаларында балалардың жазатайым оқиғаларға ұшырау жағдайлары тіркелуде. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін: ✅ Балаларды қараусыз қалдырмаңыз; ✅ Тек рұқсат етілген орындарда шомылыңыз; ✅ Су қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріңіз; ✅ Қауіпті аймақтарға баруына жол бермеңіз. Баланың қауіпсіздігі – ата-ананың басты жауапкершілігі. Сақтық – қауіптің
«Адал азамат» – тәрбие сағаттары
18
май
2026
«Адал азамат» – тәрбие сағаттары
2026 жылдың 18 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушыларына тәрбие бағытындағы сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін арттыру, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту болды. Сынып сағаттары барысында көрнекті ақын, композитор, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» тақырыбында танымдық жұмыстар жүргізіліп,
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 56 Вперед