Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақ тілі пәні емтиханы
28
май
2026
Қазақ тілі пәні емтиханы
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша 5, 6, 7, 8 және 10-сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттау емтихандары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Емтиханның мақсаты – оқушылардың жыл бойы алған білімін саралау, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі мен функционалдық сауаттылығын объективті түрде бағалау. Емтихан барысы туралы ақпарат: 26 мамыр күні 5 және 7-сынып оқушылары алғашқы болып емтихан тапсырып, өз білімдерін сәтті көрсетті. 28 мамыр күні 6, 8 және 10-сынып оқушылары
ХАБАРЛАНДЫРУ
27
май
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау 10 маусымнан басталатынын хабарлаймыз. Қажетті құжаттар тізімі:  ✓ Өтініш (eGov арқылы) ✓ 3×4 көлеміндегі 2 дана сурет ✓ ЖСН және туу туралы куәліктің көшірмесі ✓ 052-нысан, 065-нысан Баланы мектепке бірге дайындайық! 1-сыныпқа қабылдау туралы толық ақпаратты мектептің ресми парақшасынан ала аласыз. Объявление! Сообщаем, что приём в 1 класс на 2026–2027 учебный год начнётся с 10 июня. Перечень необходимых документов:  ✓ Заявление (через eGov) ✓ Фотографии
«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» әкелер форумы
20
май
2026
«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» әкелер форумы
2026 жылдың 20 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында «Әке болу – ұлы міндет, асыл мақтаныш!» тақырыбында әкелер форумы өткізілді. Форумның мақсаты – әкенің отбасындағы рөлін насихаттау, бала тәрбиесіндегі әке жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Іс-шара барысында әкелер тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің орны туралы
Құрметті ата-аналар!
19
май
2026
Құрметті ата-аналар!
Жаз мезгілінде балалардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өкінішке қарай, жыл сайын өзен, көл, канал және су қоймаларында балалардың жазатайым оқиғаларға ұшырау жағдайлары тіркелуде. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін: ✅ Балаларды қараусыз қалдырмаңыз; ✅ Тек рұқсат етілген орындарда шомылыңыз; ✅ Су қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріңіз; ✅ Қауіпті аймақтарға баруына жол бермеңіз. Баланың қауіпсіздігі – ата-ананың басты жауапкершілігі. Сақтық – қауіптің
«ТОР жеңге» іс-шарасы
14
май
2026
«ТОР жеңге» іс-шарасы
2026 жылдың 14 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай ААПҚ шеңберінде 2-сынып оқушыларының ата-аналары арасында «ТОР жеңге: стиль, интеллект, әсер» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ ата-аналардың шығармашылық белсенділігін арттыру болды. Шара барысында ата-аналар түрлі танымдық және шығармашылық тапсырмаларға
Ашық есік күні – ашық диалог алаңы
12
май
2026
Ашық есік күні – ашық диалог алаңы
2026 жылдың 12 мамыр күні «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ата-аналармен тығыз байланыс орнату, оқушылардың оқу жетістіктері мен тұлғалық дамуы туралы ақпарат алмасу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Іс-шара барысында ата-аналар оқушылардың оқу үлгерімімен, жетістіктерімен және шығармашылық жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар баланың тұлғалық дамуы, психологиялық дайындығы, тәртібі және алдағы жазғы демалыс жоспарлары жөнінде ашық пікір
Арманнан – мақсатқа: бала болашағын бірге жоспарлайық
17
апрель
2026
Арманнан – мақсатқа: бала болашағын бірге жоспарлайық
2026 жылдың 17 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепте «Арманнан – мақсатқа: бала болашағын бірге жоспарлайық» тақырыбында 1-11 сынып ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – ата-аналармен бірлесе отырып, оқушылардың 3-тоқсан қорытындысын талдау, оқу жетістіктері мен тәртібін саралау, болашақ мамандық таңдауға бағыт беру, алдағы емтихандарға дайындық бойынша ақпарат беру және жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру болды. Жиналыс барысында
Өнегелі 15 минут
16
апрель
2026
Өнегелі 15 минут
3 «Б» сыныбында «Өнегелі 15 минут» жобасы аясында оқушы Ғалымжанқызы Бибінұр отбасылық дәстүрлер тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, тәрбиелік мәні зор әсерлі әңгіме ұсынды. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық құндылықтар, отбасы тәрбиесі, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету дәстүрлері жайында мағыналы ойлар тыңдап, тағылымды тәрбие алды. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, отбасылық тәрбиенің маңызын арттыра түседі. Сынып жетекшісі: Шалимбетова Г.У.