Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық есік күні – ашық диалог алаңы
12
май
2026
Ашық есік күні – ашық диалог алаңы
2026 жылдың 12 мамыр күні «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ата-аналармен тығыз байланыс орнату, оқушылардың оқу жетістіктері мен тұлғалық дамуы туралы ақпарат алмасу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Іс-шара барысында ата-аналар оқушылардың оқу үлгерімімен, жетістіктерімен және шығармашылық жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар баланың тұлғалық дамуы, психологиялық дайындығы, тәртібі және алдағы жазғы демалыс жоспарлары жөнінде ашық пікір
Үздік ойыншы – Әмірхан
08
май
2026
Үздік ойыншы – Әмірхан
Мектебіміздің 3 «Ә» сынып оқушысы Арысбек Әмірхан «Қайрат-Қайсар» футбол клубының ішкі біріншілігінде жоғары деңгейде ойын көрсетіп, 🥇 I орын дипломымен марапатталып, «Үздік ойыншы» атанды! Жас спортшымызға алдағы жарыстарда жеңіс пен толағай табыс тілейміз! Жетістігің арта берсін! 
Жас боксшының республикалық турнирдегі жеңісі
27
апрель
2026
Жас боксшының республикалық турнирдегі жеңісі
Zhassulan бокс мектебінің тәрбиеленушісі, 4 «Б» сынып оқушысы Ерланұлы Нұрали 27 кг салмақ дәрежесінде өткен Республикалық ашық турнирге қатысып, жоғары спорттық дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі І орын иеленді. Аталған жетістік – оқушының табандылығы мен еңбегінің, жаттықтырушының кәсіби дайындығының нәтижесі болып табылады. Нұралиді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік спорттық белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!
«Жас өркен» – халықаралық байқау жеңімпазы!
27
апрель
2026
«Жас өркен» – халықаралық байқау жеңімпазы!
Дарынды балалар мен жастарға арналған «БАЛА ШАБЫТЫ» халықаралық конкурс жобасы аясында өткен байқауда мектебіміздің 3 «Б» сынып оқушыларынан құралған «Жас өркен» тобы жоғары нәтиже көрсетті. 10–12 жас санаты бойынша «Эстрадалық вокал» номинациясында өнер көрсеткен топ жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі – Асанова Гүлшат. Бұл жетістік – оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігі мен жетекшінің кәсіби еңбегінің нәтижесі. Жас өнерпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық
Халықаралық турнирдегі жарқын жеңіс!
27
апрель
2026
Халықаралық турнирдегі жарқын жеңіс!
2026 жылдың 25–26 сәуір күндері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында каратэ KyokushinRyu бойынша «OYAMA CUP» III халықаралық турнирі өтті. Аталған жарысқа Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің спортшылары қатысты. Аталған халықаралық турнирде мектебіміздің 4 «А» сынып оқушысы Алибек Арсен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі ІІ орын иеленді. Бұл жетістік – оқушының табандылығы мен еңбегінің нәтижесі. Алибек Арсенді шын жүректен құттықтай отырып,
Абай оқулары: жарқын жетістік!
24
апрель
2026
Абай оқулары: жарқын жетістік!
      2026 жылдың 23 сәуір күні №133 мектеп базасында «Абай оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Аталған байқауда «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Исали Ақдана қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі ІІ орын иеленді. Оқушының жетістікке жетуіне жетекшілік еткен ұстазы – Абдибай Айгерім Агабекқызы. Бұл нәтиже – оқушының шығармашылық қабілетінің, ізденісінің және ұстаз еңбегінің жемісі. Исали Ақдананы шын
ENGLISH QUEST: жаңа белес, жаңа мүмкіндік
24
апрель
2026
ENGLISH QUEST: жаңа белес, жаңа мүмкіндік
       Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы мен «Әділет» колледжі ұйымдастырған «ENGLISH QUEST: DIGITAL ADVENTURE» қалалық олимпиадасының финалдық кезеңі өтті . 24 сәуір күні өткен білім сайысында 9 және 11-сынып оқушылары ағылшын тілін тәжірибеде қолданып, логика, тапқырлық және soft skills дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.       Мектебіміздің  9,11-сынып оқушылары Камалова Жұлдыз, Джақсылық Сания, Опабек Інжу, Ерғалым Арсен, Нурекеев Ислам, Джунуспекова Динара, Ғайнеш
Тоғызқұмалақтан қалалық турнир
22
апрель
2026
Тоғызқұмалақтан қалалық турнир
2026 жылы 17 сәуір күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай оқушылар арасындағы тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті.  Турнир 11 жас қыздар арасында ұйымдастырылды, нәтижесінде жеңімпаздар келесі тәртіппен анықталды: І орын:  Ерденбаева Аяулым, 4 "Ә" сынып ІІ орын:  Жақсыбек Айқаракөз, 2 "В" сынып ІІІ орын:  Қажымұхан Әдемі, 4 "Ә" сынып Жеңімпаздарды дайындаған жетекшісі –  Амираил  Абылай Ерболұлы. Оқушыларымыздың жетістіктері бізді қуантады және