21
январь
2026
Ашық сабақ
Бүгін 6 «Б» сыныбымен қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақты пән мұғалімі Ғабитқызы Гүлзат жүргізді. Ашық сабақтың тақырыбы «Қазақстан көлдері» болды. Сабақ барысында оқушылар тақырып бойынша білімдерін толықтырып, берілген тапсырмаларды орындау арқылы өз ойларын жүйелі жеткізе білді. Ашық сабақ мазмұнды, танымдық деңгейі жоғары және жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.
