22
январь
2026
Қамқорлық жасау – адамгершіліктің асыл көрінісі
«Адал азамат» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламалары негізінде жүзеге асырылып жатқан «Қамқор» жобасы аясында мектебіміздің 3–4 сынып оқушылары сынып жетекшілері мен ата-аналарының қатысуымен Шаңырақ қарттар үйінде қайырымдылық іс-шарасына ат салысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына мейірімділік, қамқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді адамгершілік құндылықтарды сіңіру. Оқушылар қарттармен жылы жүздесіп, ізгі тілектерін білдіріп, шағын концерттік бағдарлама ұсынып, жүрек жылуын сыйлады.
Бұл тағылымды кездесу балалар үшін үлкен өмір сабағына айналып, «қамқор болу – әр азаматтың адами парызы» екенін терең ұғындырды. Осындай игі істер арқылы біз болашақта елін сүйетін, адал да мейірімді азамат тәрбиелеуге үлес қосамыз. Барша ат салысқан абзал жандарға алғыс білдіреміз!