23
январь
2026
Мәдени іс-шара
22 қаңтар мектеп ұжымы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы аясында рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу, көркем өнер арқылы эстетикалық талғамды арттыру мақсатында Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Бір түп алма ағашы» қойылымын тамашалады.
Аталған мәдени іс-шара ұжым мүшелеріне тәрбиелік мәні терең, мазмұны әсерлі қойылым арқылы ұлттық рухты көтеріп, әдебиет пен театр өнерінің сабақтастығын сезінуге мүмкіндік берді. Қойылымнан алған әсер қатысушылардың рухани дүниесін байытып, шығармашылық ой өрісін кеңейте түсті.
