26
январь
2026
Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды
2026 жылдың 26 қаңтар күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» құндылығына байланысты тәрбиелік мәні зор тақырып қозғалып, оқушыларға қоғамдық тәртіптің маңызы мен жауапкершілік туралы түсінік берілді.
Сонымен қатар, 10 минут көлемінде қауіпсіздік сабағы өткізіліп, оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сынып сағаты аясында «Алматы – таза қала» бағдарламасы бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әңгіме өрбіп, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы айтылды.
Сондай-ақ, 10 минуттық «Кәсіптік бағдар беру» бөлімі ұйымдастырылып, оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың жолдары мен еңбекке құрмет көрсету туралы мағлұмат берілді.
Аталған сынып сағаты оқушылардың тәртіпке бағыну мәдениетін қалыптастыруға, қауіпсіздік дағдыларын арттыруға және саналы мамандық таңдауға бағытталды.