Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
23
январь
2026

«Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы

2026 жылдың 23 қаңтар күні мектепте «Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.


Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды цифрлық орта жағдайында баланың білім алу ерекшеліктерімен, интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен және тәрбиелік бағыттағы өзекті мәселелермен таныстыру, сондай-ақ ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту болды.


Жиын барысында баланың цифрлық сауаттылығы, интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу, ақпаратты дұрыс пайдалану мәдениеті, киберқауіпсіздік, сондай-ақ отбасындағы тәрбие мен мектептегі білім берудің сабақтастығы туралы маңызды мәселелер қозғалды. Ата-аналарға нақты ұсыныстар мен кеңестер беріліп, сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу ұйымдастырылды.Жалпы ата-аналар жиналысы мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, қатысушылар тарапынан оң кері байланыс білдірілді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: