29
январь
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 9 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай « Жырлайды жүрек» атты 2-10 сынып оқушылары арасында байқау өтеді. Байқаудың мақсаты: ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.