Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2026

Талантты ұстаз – дарынды ұрпаққа жол ашады

2026 жылдың 18 ақпан күні «Дарынды балаларға — талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Аталған іс-шара жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, кәсіби шеберлігін шыңдауға және білім беру жүйесін дамытуға бағытталған маңызды алаң болып табылады.
Байқауға мектебіміздің аға тәлімгері Руслан Елдана Русланқызы мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Төреханова Айбибі Нысанбекқызы  қатысып, өз білімдері мен жаңашыл идеяларын жоғары деңгейде көрсетті.
Нәтижесінде, Руслан Елдана Русланқызы жүлделі ІІ орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл — қажырлы еңбек пен үздіксіз ізденістің, кәсіби шеберліктің айқын көрінісі.
Ұстаз жетістігі — шәкірт жетістігінің бастауы. Осындай талантты педагогтеріміз барда, дарынды ұрпақтың болашағы жарқын болары сөзсіз.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, толағай жетістік, биік белестер тілейміз! 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: