27
февраль
2026
Алғыс айту – асыл қасиет
Алғыс айту күні – 1 наурыз мерекесіне орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту – асыл қасиет» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ризашылық білдірудің маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, алғыс айту арқылы мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу.
Мерекелік кеш барысында оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, сахналық көріністер қойып, жүрекжарды алғыс сөздерін білдірді. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор мазмұнда өтті.
Мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде өткізген 8 «А» және 8 «Б» сынып оқушылары белсенділік танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жетекшілері: Еркімбай А., Асан Г.
https://www.instagram.com/reel/DVRA3g6CIk_/?igsh=MW9lajhuODI1cGhobg==