14
апрель
2026
SHUAQ сахнасындағы бас жүлде
“SHUAQ” халықаралық өнерпаздар байқауында мектебіміздің 6 «А» сынып оқушысы Қыдырбай Фатима жоғары нәтиже көрсетіп, ән номинациясы бойынша жүлделі Бас жүлдені иеленді.
Фатима байқау барысында өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленді. Бұл жетістік – оның таланты мен еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының жүйелі жұмысының нәтижесі. Жас өнерпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! Жетекшісі Асанова Гульшат Рамазановна
