Бірлігіміз жарасқан Қазақстан!
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектебімізде 5–8 сынып оқушылары арасында «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты Халықтар достығы фестивалі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұлттар достығына, бірлік пен татулыққа тәрбиелеу, әр халықтың мәдениеті мен өнерін құрметтеуге баулу болды.
Фестиваль барысында сыныптар әртүрлі ұлттардың би өнерін жоғары деңгейде көрсетті:
5 «А» сынып – үнді биі,
5 «Б» сынып – қытай биі,
5 «Ә» сынып – корей биі,
6 «А» сынып – испан биі,
6 «Ә» сынып – неміс биі,
6 «Б» сынып – түрік биі,
7 «А» сынып – қазақ биі,
7 «Ә» сынып – орыс биі,
7 «Б» сынып – татар биі,
8 «А» сынып – грузин биі,
8 «Ә» сынып – қырғыз биі,
8 «Б» сынып – өзбек биі.
Қатысушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, ұлттық мәдениеттердің ерекшеліктерін шебер жеткізе білді. Фестиваль көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, достық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Іс-шара соңында барлық сынып оқушылары мен сынып жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған фестиваль мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өтті.










