Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында мерекелік думанды кеш
13
март
2026
Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында мерекелік думанды кеш
2026 жылдың 12 наурыз күні 1–2 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында мерекелік думанды кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Наурыз мейрамы мерекесінің маңызы мен мәнін түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және бірлік пен достыққа тәрбиелеу. Мерекелік кеш барысында оқушылар Наурыз мерекесіне арналған өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазақ халқының
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында мерекелік думан
12
март
2026
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында мерекелік думан
2026 жылдың 12 наурыз күні 3–4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында мерекелік думанды кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Наурыз мейрамы мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау. Мерекелік кеш барысында оқушылар ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, Наурыз мерекесіне байланысты өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, қазақтың салт-дәстүрлеріне арналған көріністер
🏆 Құттықтаймыз!
10
март
2026
🏆 Құттықтаймыз!
10.03.2026 ж. жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің марапаттау салтанаты өтті. Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Амангелді Ажар «Өлкетану» бағыты бойынша жүлделі ІІ орын иеленді.  Бұл – табандылық пен ізденістің, білімге деген құштарлықтың нәтижесі. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!  Пән мұғалімі: Мукушева
«Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара
06
март
2026
«Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара
2026 жылдың 6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – аналарға деген құрмет пен алғыс сезімін білдіру, әйел-ананың қоғамдағы рөлін дәріптеу, оқушылардың адамгершілік және рухани құндылықтарын дамыту. Мерекелік кеш барысында оқушылар аналарға арналған жүрекжарды өлеңдер оқып, ән айтып, сахналық көріністер қойды. Іс-шара өте әсерлі әрі мазмұнды өтіп, көрермендерге
Аналар арасында зияткерлік ойындар бойынша турнир
05
март
2026
Аналар арасында зияткерлік ойындар бойынша турнир
2026 жылдың 5 наурыз күні 1–11 сынып оқушыларының аналары арасында зияткерлік ойындар бойынша турнир ұйымдастырылып өткізілді. Турнир барысында қатысушылар Тоғызқұмалақ, Шахмат және Шашки ойындары бойынша өзара бақ сынасты. Іс-шараның мақсаты – ата-аналар арасында зияткерлік ойындарды насихаттау, аналардың белсенділігін арттыру, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Турнир барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Аналар өздерінің
«Аяулы ана, ардақты ұстаз» тақырыбында плакаттар көрмесі
05
март
2026
«Аяулы ана, ардақты ұстаз» тақырыбында плакаттар көрмесі
«Шабыт» жобасы аясында 1–11 сынып оқушылары арасында «Аяулы ана, ардақты ұстаз» тақырыбында плакаттар көрмесі және байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ана мен ұстазға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың қоғамдағы ерекше орнын дәріптеу. Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып, ана мен ұстаздың мейірімі мен еңбегін бейнелейтін мазмұнды әрі көркем плакаттар дайындады. Қатысушылар өз ойларын сурет
🏆 Құттықтаймыз!
04
март
2026
🏆 Құттықтаймыз!
            2010–2011 ж.т. қыздар арасындағы жеке клубтар арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының іріктеу турнирінде жүлделі ІІ орын иеленгені үшін Алтынбек Жансая дипломмен марапатталды! 👏✨ Бұл – табандылық пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Жансаяға алдағы жарыстарда да толағай табыс, биік белестер мен жеңісті күндер тілейміз! 💐🥇   Жарайсың, чемпион! 💪🔥
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
03
март
2026
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
Кәсібіи бағдар беруші Дүйсенова Бибіпатыма Бақытқызы 9 «Ә» сынып оқушыларымен Алматы құрылыс-техникалық колледжі және Алматы технологиялық колледжі оқу орындарына барып қайтты.      Оқушылар колледждердің мамандықтарымен танысып, заманауи зертханалар мен шеберханаларды көріп, болашақ кәсібі туралы нақты түсінік алды. Әр мамандықтың қыр-сырымен танысып, сұрақтарына жауап алып, өз армандарына бір қадам жақындай түсті. Мақсат — дұрыс таңдау, нық қадам, жарқын болашақ. Білімді ұрпақ – ел болашағы!