Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ән ғұмырдың иесі
13
май
2026
Ән ғұмырдың иесі
2026 жылдың 14 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында көрнекті ақын, композитор, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық өнер мен әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру және рухани-эстетикалық тәрбие беру болды. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәліметтермен танысып,
Ашық есік күні – ашық диалог алаңы
12
май
2026
Ашық есік күні – ашық диалог алаңы
2026 жылдың 12 мамыр күні «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ата-аналармен тығыз байланыс орнату, оқушылардың оқу жетістіктері мен тұлғалық дамуы туралы ақпарат алмасу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Іс-шара барысында ата-аналар оқушылардың оқу үлгерімімен, жетістіктерімен және шығармашылық жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар баланың тұлғалық дамуы, психологиялық дайындығы, тәртібі және алдағы жазғы демалыс жоспарлары жөнінде ашық пікір
«Мейірімді қақпақтар» – игі іске бастар жол
08
май
2026
«Мейірімді қақпақтар» – игі іске бастар жол
2026 жылдың 8 мамыр күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектебімізде «Мейірімді қақпақтар» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу және қайырымдылыққа деген жанашырлық сезімін арттыру болды. Іс-шара барысында мектеп оқушылары пластикалық қақпақтарды белсенді түрде жинап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Жиналған қақпақтар Әуезов ауданының комьюнити орталығына тапсырылды. Аталған акция
Үздік ойыншы – Әмірхан
08
май
2026
Үздік ойыншы – Әмірхан
Мектебіміздің 3 «Ә» сынып оқушысы Арысбек Әмірхан «Қайрат-Қайсар» футбол клубының ішкі біріншілігінде жоғары деңгейде ойын көрсетіп, 🥇 I орын дипломымен марапатталып, «Үздік ойыншы» атанды! Жас спортшымызға алдағы жарыстарда жеңіс пен толағай табыс тілейміз! Жетістігің арта берсін! 
Ерлікке тағзым – елге құрмет
06
май
2026
Ерлікке тағзым – елге құрмет
2026 жылдың 6 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Отан қорғау – ерлік пен намыс ісі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және ел қорғаған батырлардың ерлігін үлгі ету болды. Мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері, запастағы подполковник Кусаинов Сатбалды Токтарбаевич
Сынып сағаттары: Отан, қауіпсіздік, экология
04
май
2026
Сынып сағаттары: Отан, қауіпсіздік, экология
2026 жылдың 4 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды: «Отан қорғау – ерлік пен намыс ісі» тақырыбында оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілік, ел қорғаған ерлердің ерлігі мен патриоттық рух туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қауіпсіздік сабағы (10 минут) барысында оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдылары
Бірлігіміз жарасқан Қазақстан!
30
апрель
2026
Бірлігіміз жарасқан Қазақстан!
      «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектебімізде 5–8 сынып оқушылары арасында «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты Халықтар достығы фестивалі өткізілді.       Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұлттар достығына, бірлік пен татулыққа тәрбиелеу, әр халықтың мәдениеті мен өнерін құрметтеуге баулу болды. Фестиваль барысында сыныптар әртүрлі ұлттардың би өнерін жоғары деңгейде көрсетті: 5 «А»
1936 жыл жаңғырығы: ұлттық өнердің ұлы белесі
29
апрель
2026
1936 жыл жаңғырығы: ұлттық өнердің ұлы белесі
2026 жылдың 29 сәуір күні «Ұлы дала үні – Мәскеу төрінде: 1936 жылғы өнер мен әдебиет онкүндігінің тарихи тағылымы» атты қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – 1936 жылғы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеуде өткен алғашқы онкүндігінің тарихи-мәдени маңызын таныту, ұлттық өнер мен әдебиеттің құндылығын дәріптеу арқылы оқушылардың рухани-эстетикалық танымын кеңейту болды. Аталған шара ұлттық өнеріміздің биіктігін, мәдениетіміздің байлығын және рухани мұрамыздың мәңгілік құндылығын