“Кім жылдам?” мақал-мәтел сайысы
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарына сай көңілді үзілістер жалғасын табуда. Үзіліс кезінде оқушылардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру мақсатында “Кім жылдам?” мақал-мәтел сайысы өтті. Жас ерекшелігіне қарамай барлық оқушылар атсалысып, сыйлықтарға ие болды. Ойынның мақсаты оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, мақал- мәтелдерді айтуға, мақал мен мәтелді ажыра білуге үйрету. Пән мұғалімі: Абдибай Айгерім Ағабекқызы