Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ
21
январь
2026
Ашық сабақ
Бүгін 6 «Б» сыныбымен қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақты пән мұғалімі Ғабитқызы Гүлзат жүргізді. Ашық сабақтың тақырыбы «Қазақстан көлдері» болды. Сабақ барысында оқушылар тақырып бойынша білімдерін толықтырып, берілген тапсырмаларды орындау арқылы өз ойларын жүйелі жеткізе білді. Ашық сабақ мазмұнды, танымдық деңгейі жоғары және жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.
Кәсіби бағдар беру
21
январь
2026
Кәсіби бағдар беру
Бүгін мектебімізде ЦАТЭК колледжінен Вахит-Хан Рафиковичтің қатысуымен кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар коледждің мамандықтары, оқу мүмкіндіктері және болашақта жұмысқа орналасу жолдары туралы толық ақпарат алды.
Пилоттық жоба: ғылыми негіздегі кәсіби диалог
20
январь
2026
Пилоттық жоба: ғылыми негіздегі кәсіби диалог
Бүгін мектебімізде білім сапасын арттыруға бағытталған Пилоттық жоба аясында ұстаздармен ақылдасу сабағы өтті. Іс-шара жобаның авторы, педагогика ғылымдарының өкілі Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім беру сапасын көтерудің ғылыми-практикалық негіздері, жобаны мектеп тәжірибесіне тиімді енгізу жолдары және басқаруда басшылыққа алынатын ұстанымдар кеңінен талқыланды.Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы мырза өз тұжырымдамасы мен әдістемелік көзқарасын ортаға
Тіл – рухтың тұғыры, ұлттың ғұмыры
19
январь
2026
Тіл – рухтың тұғыры, ұлттың ғұмыры
Тіл – рухтың тұғыры, ұлттың ғұмыры. Бүгін «Тіл – ұлт айнасы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі өз жұмысын бастады. Іс-шара ана тіліміздің мәртебесін көтеруге, сөз өнерінің құндылығын дәріптеуге және ұлттық сананы нығайтуға бағытталған. Онкүндік барысында тіл мен әдебиетке қатысты мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып, білім алушылардың таным көкжиегін кеңейтуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық беріледі. Ана тілімізді ардақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Эмоционалды интеллектті дамытуға арналған тренингтік сабақтар
15
январь
2026
Эмоционалды интеллектті дамытуға арналған тренингтік сабақтар
    «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында педагог-психолог Жанар Атагельдиевна 4-сынып оқушыларымен, Рәбина Қобланқызы 7-8-9-10 сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу ұйымдастырды. Жаттығудың мақсаты – балалардың бір-біріне деген мейірімділігін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту, өз сезімдерін танып, дұрыс жеткізе білуге үйрету.    Жаттығу барысында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырды. «Өрмекші торы» арқылы балалар өзара байланысты, достық пен
Тәртіп және заң!
12
январь
2026
Тәртіп және заң!
Әуезов ауданының ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы Акимова Мадина Серікқызы  оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, сабаққа кешікпеу, сыныптағы және мектеп аумағындағы тәртіпті бұзбау, бөгде заттар алып келмеу, бір-біріне құрметпен қарау сияқты маңызды талаптар жан-жақты түсіндірілді.
Гимнастика: Денені қыздыру және қалпына келтіру әдістерінің кешенін құрастыру
16
январь
2025
Гимнастика: Денені қыздыру және қалпына келтіру әдістерінің кешенін
🔰Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Салмекеев Самат  9"Б" сыныбында "Гимнастика: Денені қыздыру және қалпына келтіру әдістерінің кешенін құрастыру" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында мұғалімнің ынталандыруымен әрі оқушылардың түгел атсалысуымен сабақ жоғары деңгейде өтті. #онкүндік #Біртұтас_тәрбие https://www.instagram.com/share/reel/BAIZ7TBAIE
"Қозғалмалы ойындар" тақырыбында ашық сабақ өтті
15
январь
2025
"Қозғалмалы ойындар" тақырыбында ашық сабақ өтті
🔰Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі  Қамысбек Нұрзат Нұрмаханбетұлы 4"Ә"  сыныбында "Қозғалмалы ойындар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенді қатысты. #онкүндік #Біртұтас_тәрбие https://www.instagram.com/share/reel/_jKpxjVbZ