06
апрель
2026
Мұғалімдерге арналған шеберлік сыныбы
Көркем еңбек пәні аясында мұғалімдер арасында «Парафиннен сәндік гүл жасау» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Шара барысында қатысушылар парафинмен жұмыс істеу техникасымен танысып, өз қолдарымен ерекше сәндік гүлдер жасап көрді. Әріптестер шығармашылық қабілеттерін шыңдап, жаңа идеялармен бөлісті. Бұл шеберлік сыныбы тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және қолөнерге деген қызығушылықты арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Ұйымдастырушы: көркем еңбек пәні мұғалімі Битеева А.Н.



