Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Заң және тәртіп» сынып сағаты
23
январь
2026
«Заң және тәртіп» сынып сағаты
2026 жылдың 19 қаңтар күні мектепте 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау, өзара сыйластықты қалыптастыру және буллингтің алдын алу болды. Аталған күні сынып сағаттары төмендегі тақырыптар аясында ұйымдастырылды: «Заң және тәртіп» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «КӨМЕК» жобасы (10 минут) Буллингтен қорған – «ДОСБОЛLIKE» (10 минут) Сынып сағаттары барысында оқушыларға
«Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
23
январь
2026
«Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі
2026 жылдың 23 қаңтар күні мектепте «Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – ата-аналарды цифрлық орта жағдайында баланың білім алу ерекшеліктерімен, интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен және тәрбиелік бағыттағы өзекті мәселелермен таныстыру, сондай-ақ ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту болды. Жиын барысында баланың цифрлық сауаттылығы, интернеттегі
Қамқорлық жасау – адамгершіліктің асыл көрінісі
22
январь
2026
Қамқорлық жасау – адамгершіліктің асыл көрінісі
       «Адал азамат» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламалары негізінде жүзеге асырылып жатқан «Қамқор» жобасы аясында мектебіміздің 3–4 сынып оқушылары сынып жетекшілері мен ата-аналарының қатысуымен Шаңырақ қарттар үйінде қайырымдылық іс-шарасына ат салысты.         Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына мейірімділік, қамқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді адамгершілік құндылықтарды сіңіру. Оқушылар қарттармен жылы жүздесіп, ізгі тілектерін білдіріп, шағын концерттік бағдарлама
Ашық сабақ
22
январь
2026
Ашық сабақ
Қазақ тілі апталығы аясында Абдибай Айгерім 5 «А» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тақырып бойынша білімдерін толықтырып, белсенді түрде қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Ашық сабақ мазмұнды, жүйелі және оқу мақсаттарына сай ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын арттырды.
“Жас маман – кәсіби дамудың бастауы” семинарынан тәжірибе
22
январь
2026
“Жас маман – кәсіби дамудың бастауы” семинарынан тәжірибе
“Жас маман – кәсіби дамудың бастауы” семинарынан тәжірибе 2026 жылғы 22 қаңтар күні Алматы қаласы Білім басқармасының “Психологиялық қолдау орталығы” ұйымдастырған “Жас маман – кәсіби дамудың бастауы” тақырыбындағы семинарға мектебіміздің педагог-психологы Енбаева Рәбина Қобланқызы қатысып, өз кәсіби тәжірибесін толықтырып қайтты. Семинар барысында жас мамандардың кәсіби қалыптасуы, педагог-психологтың рөлі, тәжірибеде кездесетін өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Іс-шара
“Жас маман – кәсіби дамудың бастауы”
22
январь
2026
“Жас маман – кәсіби дамудың бастауы”
2026 жылғы 22 қаңтар күні Алматы қаласы Білім басқармасының “Психологиялық қолдау орталығы” ұйымдастырған “Жас маман – кәсіби дамудың бастауы” тақырыбындағы семинарға мектебіміздің педагог-психологы Енбаева Рәбина Қобланқызы қатысып, өз кәсіби тәжірибесін толықтырып қайтты. Семинар барысында жас мамандардың кәсіби қалыптасуы, педагог-психологтың рөлі, тәжірибеде кездесетін өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Іс-шара тәжірибе алмасуға, жаңа әдіс-тәсілдермен танысуға үлкен
Ашық сабақ
21
январь
2026
Ашық сабақ
Бүгін 6 «Б» сыныбымен қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді. Сабақты пән мұғалімі Ғабитқызы Гүлзат жүргізді. Ашық сабақтың тақырыбы «Қазақстан көлдері» болды. Сабақ барысында оқушылар тақырып бойынша білімдерін толықтырып, берілген тапсырмаларды орындау арқылы өз ойларын жүйелі жеткізе білді. Ашық сабақ мазмұнды, танымдық деңгейі жоғары және жоспарға сәйкес ұйымдастырылды.
Кәсіби бағдар беру
21
январь
2026
Кәсіби бағдар беру
Бүгін мектебімізде ЦАТЭК колледжінен Вахит-Хан Рафиковичтің қатысуымен кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар коледждің мамандықтары, оқу мүмкіндіктері және болашақта жұмысқа орналасу жолдары туралы толық ақпарат алды.