30
май
2026
«Тарихқа тағзым» экскурсиясы
2026 жылдың 15 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 3 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Тұрғынбек Әйгерім Алмасбекқызымен бірге 31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ескерткішке экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында оқушыларға тарихымыздың ауыр кезеңдері туралы мәлімет беріліп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, олардың ерлігі мен тағдыры жөнінде түсіндірілді. Оқушылар ескерткіш маңында тағзым етіп, тарихи тұлғаларды құрметтеудің маңызын ұғынды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу және отансүйгіштік қасиеттерін арттыру болды.

