Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» әкелер форумы
20
май
2026
«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ» әкелер форумы
2026 жылдың 20 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында «Әке болу – ұлы міндет, асыл мақтаныш!» тақырыбында әкелер форумы өткізілді. Форумның мақсаты – әкенің отбасындағы рөлін насихаттау, бала тәрбиесіндегі әке жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Іс-шара барысында әкелер тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің орны туралы
Құрметті ата-аналар!
19
май
2026
Құрметті ата-аналар!
Жаз мезгілінде балалардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өкінішке қарай, жыл сайын өзен, көл, канал және су қоймаларында балалардың жазатайым оқиғаларға ұшырау жағдайлары тіркелуде. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін: ✅ Балаларды қараусыз қалдырмаңыз; ✅ Тек рұқсат етілген орындарда шомылыңыз; ✅ Су қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріңіз; ✅ Қауіпті аймақтарға баруына жол бермеңіз. Баланың қауіпсіздігі – ата-ананың басты жауапкершілігі. Сақтық – қауіптің
«Адал азамат» – тәрбие сағаттары
18
май
2026
«Адал азамат» – тәрбие сағаттары
2026 жылдың 18 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушыларына тәрбие бағытындағы сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін арттыру, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту болды. Сынып сағаттары барысында көрнекті ақын, композитор, драматург Бәкір Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ән ғұмырдың иесі» тақырыбында танымдық жұмыстар жүргізіліп,
Деректі фильм көрсетілімі
15
май
2026
Деректі фильм көрсетілімі
2026 жылдың 15 мамыр күні 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 8-сынып оқушыларына деректі фильм көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға тарихи кезең туралы терең мағлұмат беру, өткен тарихты ұмытпай, ел жадындағы ауыр жылдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу болды. Көрсетілім барысында оқушылар тарихи деректермен танысып, тақырып бойынша ой-толғаныс жасап, өз көзқарастарын білдірді. Іс-шараны тарих пәнінің мұғалімі Мукушева А.С. ұйымдастырып өткізді.
Қалалық сейсможаттығу
14
май
2026
Қалалық сейсможаттығу
2026 жылдың 14 мамыр күні Алматы қаласында жоспарлы түрде қалалық сейсможаттығу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – азаматтық қорғау аумақтық жүйесін жетілдіру, басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерінің жойқын жер сілкінісі жағдайында іс-қимыл жасауға дайындығын арттыру болды. Сейсможаттығу барысында қалалық ескерту жүйесі іске қосылып, Mass Alert жүйесі арқылы хабарламалар таратылды. Сондай-ақ халықтың жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды орындау дағдылары пысықталды.
«ТОР жеңге» іс-шарасы
14
май
2026
«ТОР жеңге» іс-шарасы
2026 жылдың 14 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай ААПҚ шеңберінде 2-сынып оқушыларының ата-аналары арасында «ТОР жеңге: стиль, интеллект, әсер» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ ата-аналардың шығармашылық белсенділігін арттыру болды. Шара барысында ата-аналар түрлі танымдық және шығармашылық тапсырмаларға
«Тарихтан тағылым» көрмесі
14
май
2026
«Тарихтан тағылым» көрмесі
2026 жылдың 14 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Тәуелсіздік және Отаншылдық» құндылығы аясында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 4–10-сынып оқушылары арасында «Тарихтан тағылым» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға тарихи оқиғалар туралы терең түсінік беру, өткенді ұмытпай, ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Көрме барысында оқушылар өз
Қорытынды әскериленген жарыс
14
май
2026
Қорытынды әскериленген жарыс
2026 жылдың 14 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Әділдік және жауапкершілік» құндылығы аясында 10-сынып оқушылары арасында алғашқы әскери дайындық пәнінің аяқталуына байланысты қорытынды әскериленген эстафеталық жарыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыру, жауапкершілікке, тәртіпке, ұйымшылдыққа баулу және алғашқы әскери дайындық бойынша алған білімдерін іс жүзінде көрсету болды. Жарыс барысында оқушылар түрлі